• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:49:52
Алматы
+35°

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласындағы №5 ҚКА аралаған кезінде медицина қоғамдастығымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Кездесу барысында қаланың денсаулық сақтау саласының қазіргі жағдайын талқылады, сонымен қатар келелі мәселелерді ашық баяндап, саланы одан әрі дамытудың жолдарын белгіледі.

«Медициналық қызметтің сапасы - біздің мегаполисті дамытудың басты көрсеткіші. Сондықтан бірге жұмыс істеп, орын алған кемшіліктерді тікелей айтып, оларды шешу мен саланы дамыту жолдарын табу қажет», - деп атап өтті Алматы әкімі.

Қалалықтардан алғашқы медициналық-санитарлық және «жедел» жәрдем қызметтерінің, стационарлардың жұмысы, медперсоналдың дөрекілігі, дәрілердің жетімділігі бойынша арыздар мен шағымдар жиі түседі.

Бұған қоса, Алматы әкімі қалалық қоғамдық денсаулық басқармасына жұмысты жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы екі апта ішінде келелі мәселелерді шешудің кешенді жоспарын әзірлеуі қажет. Мұнда барлық аспектілер ескерілуі тиіс», - деп қорытындылады сөзін Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, қала әкімі айдың соңына дейін қаланың барлық медициналық мекемелерінде медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану және тұтыну бағасы бойынша аудит өткізуді тапсырды.

Кездесу барысында қатысушылар денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы өз пікірлерін білдірді және келелі мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір