• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:41:41
Алматы
+35°

04 Шілде, 2019

Министр Бас прокурормен қол күрестіріп, иығын сындырды

Түскі ас мезгіліндегі үзілісте өз кабинетінде Бас прокурормен қол күрескен министр иық сүйегін сындырып алды.

Австралияда министр Виктор Доминелло кабинетінде Бас прокурор Марк Спикмэнмен қол күресіп, иығын сындырып алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Екі шенеунік түскі ас мезгіліндегі үзіліс кезінде Доминеллоның кабинетінде қол күресе кетіпті. «Ажал келсе, аталаға тіс сынады» демекші, Доминелло иық сүйегін сындырып тынған.

"Менің бір ғана пікірім бар. Бастысы Виктор екеуміздің арамызда ешқандай сынық жоқ", - деді Спикмэн. Ол, сондай-ақ, оқиғаның 2018 жылдың қыркүйек айында болғанын айтады.

Ал Доминеллоның өзі иық сүйегін жарақаттап алып, мемлекеттік ауруханада ем алғанын мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір