• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:21:25
Алматы
+35°

04 Шілде, 2019 Саясат

Назарбаева сенаторларға: Адам болыңдар!

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен парламент сенатының бюро отырысы өтті

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен парламент сенатының бюро отырысы өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед сенаторлардың Арыс қаласына сапарының қорытындылары туралы Бюро мүшелерін жан-жақты хабардар етті. Сенаторлар Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша эвакуация пункттеріне барып, адамдардың орналасу жағдайымен, жарылыс салдарын жою жөніндегі штабтың жұмысымен танысты, қаланы аралап тұрғындарымен кездесті. Парламент сенатының 4 шілдеде болатын отырысының күн тәртібі белгіленді.  

Бюрода сенаторлар кеңесін құру туралы мәселе де мақұлданды. Кеңес сенаттың бұрынғы депутаттарын, көрнекті мемлекет қайраткерлерін Палата жұмысына тарту, тәжірибе алмасу, парламентаризмді дамытуға бағытталған шараларды өткізу мақсатында құрылған ақылдастық-кеңесші орган болады.  

Сенат басшысы депутаттардың алдағы аймақтарға сапарларына Бюро мүшелерінің назарын аударды. Кездесулер бірсарынды өтпегені маңызды екенін айтылды.  

“Еңбек ұжымдарын, зауыттарды, шахталарды аралаңыздар, батыс аймақтардағы мұнайшылармен кездесіңіздер. Мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізіңіздер, ауылдарға барыңыздар, төртінші деңгейдегі бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару қалай жұмыс істейді? Әкімдермен, ауыл тұрғындарымен сөйлесіңіздер. Бұрынғы қалыптасқан дағдыны өзгертейік, тұрғындардың үйлеріне кіріп, дәм татып, функционер емес, қарапайым адам ретінде әңгімелесіңіздер”, - деді Назарбаева. 
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір