• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:28:40
Алматы
+35°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық полиция департаментінің басшылығымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол туралы қала әкімі Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жариялады. 

"Ішкі Істер департаменті және қоғамдық кеңеспен жиын өткіздім. Қылмысқа, криминалға, есірткіге қарсы күресудің, ППҚ пен учаскелік пункттердің жұмысын жаңартудың жолдарын белгіледік. Алматы тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз қала болуы тиіс. Бұл ПД жұмысына берілген баға", - деп жазды Twitter-де.

"Істің жағдайын, келеңсіз жайттарды және мегаполисте қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті күшейтудің алдағы шараларын талқыладық. Ұрлыққа, бұзақылыққа, тонауға және нашақорлыққа қарсы күресті барынша күшейту қажет. Мұнда патрульдік полицияның жұмысын қайта қарап, видеобақылау желісін кеңейткен жөн. Полиция департаментіне учаскелік пункттерге тексеру жүргізуді, модернизация бойынша ұсыныс беруді тапсырдым", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сағынтаев полиция жұмысының басты көрсеткіші халықтың сенімі болуы тиіс екенін ескертті және барлық мәселелер өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір