• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 07:55:13
Алматы
+35°

05 Шілде, 2019

Лондондағы Сазарк ауданында Айсұлтан Назарбаевтың ісіне қатысты алдын ала тыңдау өткен болатын. Оған есіркі қолданған күйде, полиция қызметкеріне қарсылық танытқан, ұрып және тістеп алған деген айып тағылған. 28 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересіне қатысты сот отырысы ашық түрде өтуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтының дерегін негізге алып. 

Сот отырысы кезінде Айсұлтан Назарбаев өзіне қойылған сұрақтарға жауап бермей, үнсіз отырды. Айыптаушы Грегор Маккинли 3 маусымда Айсұлтан Назарбаев Лондон орталығында орналасқан қонақ үйлердің бірінде жанжал шығарғанын айтты. Ол балконға шығып, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып, айғайлаған. 

Сондай-ақ осындай жағдай 5 маусымда тағы да қайталанған. Бұл жолы көршілері полиция шақырыпты. Маккинлидің айтуы бойынша, Айсұлтан Назарбаев өзін өте дөрекі ұстаған және жанындағы адамдарды қорқытып, өзіне қол жұмсайтынын айтқан. Сондай-ақ кезекші полиция қызметкері Росса Самбруктың кеудесінен ұрып, сол қолын тістеп алыпты. 

Кейін Айсұлтан Назарбаевты тұтқындап, қамауға алған. Біраз уақыттан соң полицияға  Назарбаевтар әулетін масқараламау үшін бұл істі жылы жауып қоюды ұсынған аты-жөні белгісіз адамнан қоңырау келіп түскен. Маккинли хабарласқан адамды Қазақстан билігінің өкілі деп болжам жасағанын, алайда онымен келісімге келмегенін айтты. 

Мемлекеттік прокурор Айсұлтан Назарбаевтың кокаин қолданғанын айтты.

Айсұлтан Назарбаевтың адвокаты Алисдэйр Уильямсон алдын ала тыңдауға қатыспады. Адвокат Айсұлтан Назарбаевты 90 мың фунт мөлшерінде кепілдігімен босатып, белгілі бір шектеулер қоюды ұсынды. Сондай-ақ адвокат Айсұлтан Назарбаевтың есірткіге тәуелді екенін жасырмады және оған лайықты клиника іздеп жатқанын айтты. 

Еске сала кетсек, 2017 жылы Айсұлтан Назарбаев өзінің фейсбук парақшасында жұртты елең еткізген жазба қалдырған болатын. Ол әкесінің өлімінен кейін есірткіге тәуелді болғанын мойындады. Кейін бұл тәуелділіктен арылуына атасы (Нұрсұлтан Назарбаев — ред.) және Құдай көмектескенін айтты. 

Сот Филипп Барбел Айсұлтан Назарбаев кепілдікпен босатауға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ Айсұлтан Назарбаев есіркіге тәуелділіктен оңалту клиникасында емделуі керек. Әйтпесе ол қамауда қалатын болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір