• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:02:27
Алматы
+35°

05 Шілде, 2019 Саясат

Бауыржан Байбек: Nur Otan-ның ішінде партиялық "тазарту" жұмысын жүргізу керек

Партияға «Nur Otan»-ның Түркістан облыстық филиалы бірінші орынбасарының үстінен шағым түскен.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия қызметкерлерінің жұмысын қайта қарау керектігін Тwitter әлеуметтік желісінде жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Партияға «Nur Otan»-ның Түркістан облыстық филиалы бірінші орынбасарының үстінен көптеген арыз-шағымдар келіп түскен.

"Соған байланысты филиал төрағасының келісімімен бұл мәселені Саяси кеңестің аймақтық Бюросында қарап, Н.Жолдасовты партия қатарынан шығаруға дейін шара қолдану керек деп есептеймін", - деп жазды.

"Халықтың партияға деген сенімін арттыру үшін партиялық тәртіпті түбегейлі күшейтіп, ішкі «тазалау» жұмыстарын жүргізу қажет" - деді Бауыржан Байбек.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бауыржан Байбек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір