• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:41:08
Алматы
+35°

05 Шілде, 2019 NEWS

Қорғаныс министрі: Арыстағы жарылыс әдейі ұйымдастырылуы мүмкін (видео)

Күні кеше Арыстағы жарылысты "табиғи нәрсе" деп, сынның астында қалған Қорғаныс министрі бұл сұмдық жағдай өзінің қабырғасына қатты батқанын айтады. 

Арысты астаң-кестең еткен оқ-дәрілер қала іргесінен шығарылады. Бұл жұмыс екі аптадан соң қолға алынбақ. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алайда, арсеналдардың қайда жеткізілетіні белгісіз. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бұл жайлы мәлімет бере алмаймын дейді. Ал, айналдырған бірнеше сағаттың ішінде қирап қалған қаланы қалпына келтіруге 35 млрд теңгеден астам қаржы қажет. 

Күні кеше Арыстағы жарылысты "табиғи нәрсе" деп, сынның астында қалған Қорғаныс министрі бұл сұмдық жағдай өзінің қабырғасына қатты батқанын айтады. 

–Бейбіт уақытта мұндай төтенше оқиғалар болмауы тиіс. Ал кешірім сұрау - бұл әскери қызметкерлер мен жеке менің және Арыс тұрғындарының арасындағы мәселе, - дейді Нұрлан Ермекбаев.  



Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жарылыстың неден болғаны жан-жақты тексеріліп жатыр. Кінәлілер қатаң жазаға тартылады. Ешкім де оларға қорған болып, жасырып-жаппайды. Ал, апатқа қатысты бірнеше болжам қарастырылуда. Оның ішінде оқ-дәрі сақталған қоймаға қасақана от қойылуы мүмкін деген нұсқа да бар. 

–Салғырттық болуы мүмкін. Тез жанатын заттардың тұтануы, электр сымдардың тұйықталуы, тіпті әдейі өрт қоюы да мүмкін. Бүгінде біз бірде-бір себепті жоққа шығармаймыз. Сондықтан арнайы тергеу тобының жұмысы өз нәтижесін береді деген сенім бар, - деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. 

Ал қала іргесінен ешқайда көшірілмейтін әскери бөлімде тек күзетке арналған оқ-дәрілер ғана  қалмақ. 

Көп бөлігі бүлінген шаһарды қалпына келтіруге жуырда айтылғандай 20 млрд емес, 35 млрд теңгедей қаржы қажет. Премьер- министрдің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың сөзінше, бұл ақша бірнеше бағыт бойынша жұмсалады. Оның ішінде арыстықтарға төленетін өтемақы да бар екен. 

–Алдын ала есептеуге сәйкес,  34,5 млр теңге керек. Соның ішінде әрбір тұрғынға 100 мың өтемақы төлеу үшін  4,5 млрд, Үкімет резервінен 2  млрд, Түркістан резервінен 1 млрд, қайырымдылық есебінен 1,5 млрд қаржыландырады, - деді Әлихан Смайылов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір