05 Шілде, 2019 Қамшыгер
Ресей патриархының желбегейіндегі дұға
Сонау жылдары есімі әйгілі саясаткер, Ресей үкіметінің басшысы Евгений Примаков бір күні Ресейдің ең жоғарғы дінбасы патриарх Алексеиймен душарласып қалыпты
Сонау жылдары есімі әйгілі саясаткер, Ресей үкіметінің басшысы Евгений Примаков бір күні Ресейдің ең жоғарғы дінбасы патриарх Алексиймен душарласып қалыпты. Ұлты еврей Е.Примаковтың негізгі мамандығы шығыстанушы әрі араб тілін жетік меңгерген өте мәдениетті де сыпайы адам-тұғын. Үкімет адамымен кездесуге патриарх Алексий де ең басты діни киімін киіп келіпті. Киімнің сыртынан мойнынан төмен қарай жалпақ қос асырма таспа асулы тұрады. Патриархтың мойнындағы асырмада жазылған жазуды көрген Примаков жәй ғана жымиып бұл матаны шіркеу қайдан алатынын сұрайды. Алексий бұл өте қасиетті асырма, бұны тек ең жоғары деңгейлі рәсімдер кезінде мойнымызға асып аламыз. Бұл жүздеген жылдардан бері келе жатқан салтымыз дейді. Сонда Е.Примаков жымиып: «Бұл қасиетті асырмада не жазылғанын оқу ешқайсыңыздың есіңізге келмеді ме» деп сұрайды. Ал патриарх бұл асырмада ешқандай да жазу жоқ дегендей қылады. Примаковтың жымиып тұрып айтып бергенін естіген Алексий патриархтың көзі шарасынан шыға жаздапты. Сөйтсе, Сириядан сатып алынған парча-таспада әдемі өрнектеп тұрып «Лә иллаһа иллалаһу уа Мұхаммад-расулуллаһ» деп жазылған екен. Примаков патриархпен жылышырайлы қоштасып шығып баратып та жымиып күліп бара жатыпты, ал патриарх Алексий кездесуден осы күнгі сәнді сөзбен айтқанда «шок алып қайтыпты» дейді екен сол кездесуде болғандар.
Осындайда ойға түседі-ау: Ресейді Ресей қылған 1-Петрдің ұлты кім екені туралы пікірталас көп, әйтеуір таза орыс емесі анық. Оның С.Петербургтегі ескерткішінің авторы Фальконе деген француз. Екатерина патшайым – неміс қызы. Атақты қолбасылар Барклай де Толли, Багратиондарды айтпағанда күні кешеге шейінгі әскербасылары, генерал-губернаторлары толған неміс, Пушкиннің тегі – араб, Толстой – неміс, Лермонтов – шотландиялық, Блок – неміс, Есенин –Исен татардың тұқымы т.с.с. Дінбасыларының мойнына асқан асырмасындағы жазу анау. Өздері «Москва», «Кремль» деген сөздердің не мағына беретінін білмейді. Тілінің тең жартысы – тюркизм. Сірә, орекеңдер де біздің қазекең сияқты аңқаулау, ақкөңіл халық па деп қаламын кейде. Олай дейін десем, өздерін «великий русский народ» дейтіні тағы бар. Әйтеуір түсініксіз.
Мырзан Кенжебай
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір