• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:27:24
Алматы
+35°

05 Шілде, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Қаланы қалпына келтіруге Шығыстан 25 құрылыс компаниясы тартылады

Апат болған Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге Шығыс Қазақстаннан 25 құрылыс компаниясы қатысады

Апат болған Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге Шығыс Қазақстаннан 25 құрылыс компаниясы қатысады. Бұл жөнінде Арысқа арнайы барып қайтқан облыс әкімі Даниал Ахметов мәлім етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

– Біздің облыс бес вагон (300 тонна) цемент жеткізіп беруге әзір. Шығыс-қазақстандық құрылысшылар 541 тұрғын үй мен нысанды қысқа мерзімде қалпына келтіріп береді. Олардың 522-сі жеке тұрғын үй болса, 15-і коммерциялық нысан, ал қалғаны балабақша, колледж, оқу орталығы мен мешіт сияқты әлеуметтік ғимараттар, – дейді Даниал Ахметов. 

Ресми ақпаратқа жүгінсек, Шығыстан Арыс қаласына барлығы 25 құрылыс компаниясы мен 750-ден маман баратын болды. Бұдан бөлек қажет болған жағдайда үйлердің шатыры мен терезесін орнатуға 190 маман қосымша тартылады. 

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов бастаған бірқатар жауапты тұлға Түркістан облысында жүр. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір