• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 16:27:52
Альпинистердің нақты қай жерде екені әлі белгісіз

05 Шілде, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Қайырымдылық шараларынан түскен қаражат Арысқа жіберілді

Семейде халықаралық «SemeySummerFest» фестивалі аясында қайырымдылық веложарысы өтіп, одан түскен қаражат Арыс қаласына көмек ретінде жіберілді

Семейде халықаралық «SemeySummerFest» фестивалі аясында қайырымдылық веложарысы өтіп, одан түскен қаражат Арыс қаласына көмек ретінде жіберілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған фестивальге қатысушы жастардың қарасы көп болды. Олардың қатарында кәсіби спортшылармен қатар, әуесқой велошабандоздар да сынға түсті. Жиыны отыздан астам сайыскер Павлодар-Семей тас жолының бойындағы Қарағайлы ауданынан Қасиетті бастауға дейін 25 шақырым жолды жүріп өтті. 

– «SemeySummerFest» фестивалі аясында қайырымдылық веложарысын өткіздік. Оған кез келген адамның қатысуына мүмкіндік бердік. Шектеу қойған жоқпыз. Тек қатысушылардың дайындығы болуы талап етілді. Өйткені белгіленген қашықтық жақын жер емес. Қайырымдылық жарысынан түскен ақшаны Арысқа жібереміз, – деді велобәйгені ұйымдастырушылардың бірі Иван Бабухин. 

Сонымен қатар аталған фестиваль аясында спидкубинг пен шахматтан сайыстар өтіп, түрлі конкурстар, ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Ұтыстан түскен қаражат та апат болған Арыс қаласына жолданды.  

Биыл тұңғыш рет өткізілген «SemeySummerFest» фестивалі алдағы уақытта дәстүрлі шараға айналмақ. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір