• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:54:31
Алматы
+35°

04 Шілде, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Абай алаңы ажарлана түседі

Шығыс Қазақстанда келер жылы аталып өтетін ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары бүгіннен басталып кетті

Шығыс Қазақстанда келер жылы аталып өтетін ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары бүгіннен басталып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Сондай игілікті істің бірі Семейдегі Абай алаңын жаңғырту болмақ. 

Қаланың қақ төріндегі алаңды қайта жабдықтау мақсатында елордадан арнайы дизайнерлер шақыртылған.     

– Семей медицина университетінің шақыртуымен астанадан кәсіби мамандар келіп, алаңмен танысты, көрді. Енді олар бізге алаңның жаңа жобасын ұсынады. Егер жоба біздің көңілден шықса, қаржыландыру мәселесін шешеміз, – дейді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов. 

Сонымен қоса алаңда күзге қарай Риддердегі тұқым бақтан 40 шырша көшетін әкеліп, отырғызатын болады. 

Естеріңізге сала кетсек, қала әкімдігі мен аталған жоғары оқу орны арасында жасалған меморандум бойынша Абай алаңы медицина университетінің қамқорлығына берілген. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір