• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:23:27
Алматы
+35°

05 Шілде, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Ұлттық нақыштағы ойыншықтар жасайды

Өскемендік жас ғалым Нұрлан Досмұрат ағаштан ұлттық нақышта ойыншықтар жасайды

Өскемендік жас ғалым Нұрлан Досмұрат ағаштан ұлттық нақышта ойыншықтар жасайды. Бүгінде оны көпшілік жұрт қазақы пазлдың авторы ретінде біледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да шебер болып жұмыс істейтін Нұрлан «Balausa» деп аталатын стартап-жобаның авторы. Осы жоба арқылы ол өскелең ұрпақ бойына ұлттық тəлім-тəрбиені сіңіруді көздеп отыр. 

 – Жобаның атауын ырымдап «Балауса» деп қойдым. Ондағы ойым тəй-тəй басқан жаңа кəсібімнің болашақта керегесін кеңейтіп, ұлттық нақыштағы ойыншықтардың брендін қалыптастыру. Сол үшін тəулігіне 15 сағатқа дейін жұмыс істеуге тура келеді. Нəтижесі жаман емес. Алғашқы өнімдерімді сатып алып жатқандар бар, – дейді жас шебер.  

Нұрланның негізгі мамандығы – мұғалім. Алайда ол ұстаздықтан гөрі қолөнерді таңдап, ұлттық ойыншықтарды жасаумен бел шешіп айналысып жүр.  

Сонымен қатар, қолөнер шебері ұлттық нақыштағы киімдер тігіп, алқа, сырға, тұмар, білезік сияқты зергерлік бұйымдарды заманауи үлгіде жасауды да меңгеріп алған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір