• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:44:19
Алматы
+35°

06 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

Жастық жігерді ел игілігіне арнайық

Алматыда астана мерекесіне орай ұйымдастырылған бейбіт шеруге екі мыңға жуық отандасымыз қатысып, елге, ағайынға деген игі тілектерін, ізгі лебіздерін арнады. «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен өткен митингтің мақсаты – көпшілікті ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға жұмылдыру болатын. Бұл туралы митинг модераторы белгілі журналист, публицист Әшімжан Жанарбек мәлімдеді.

Иә, бейбіт өмірді, тұрақтылықты бәрі қалайды. Ал бізде ол бар. Бірақ сол тұнығымызға тас лақтырып, оны лайлағысы келетіндер өздерінің теріс пиғылдарына біздің жастарымызды да пайдаланғысы келеді. Ал жастар – қоғамның негізгі қозғаушы күші. Елдің бүгіні де, ертеңі де – жастар. Мемлекет әркез басты назарды жастарға бөліп, барынша жан-жақты жағдай туғызып келеді. Олардың  қалаған білімін алуына, жұмыс істеуіне, шығармашылықпен шұғылдануына, жалпы өсіп-өнуіне толық мүмкіндік бар. Бүгінде Қазақстан жастары дүниенің төрт бұрышында үздік білім ордаларынан білім алуда. Кәсіпкерлікпен айналысып, табысқа жетуде. Спортпен шұғылданып, жеңіс тұғырынан көрінуде. Елбасы биылғы жылды арнайы «Жастар жылы» деп жариялады. Соның аясында қаншама игілікті істер жүзеге асырылып жатыр.

Митингте қоғам қайраткерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен бірге сөз алған Алматы қалалық мәслихатының депутаты, даңқты спортшы Ислам Байрамуков ой-пікірлерін жастарға бағыттады.

 

      –  Мен спортшы болғаннан кейін жастар арасында көп боламын. Жалпы, елімізге, оның ішінде жастарға жасалған қамқорлық пен игілікті іс-шаралардың барлығына Тәуелсіздіктің арқасында, тұрақтылық пен тыныштықтың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан да, жастарға айтарым, кейбір іріткі салушылардың жетегіне ермей, қол жеткізген осынау игілігімізді көздің қарашығындай сақтай білейік. Қазір кейбір жастар арасында «Мен ояндым» деген сөз сәнге айналыпты. Түстен кейін бұл не қылған ояну? Оның байыбына бармастан, әлде көштен қалмайық деп дүрмеккке ілесу ме?    Белсенді болған жақсы, бірақ әрбір істің мәніне бойлаған одан да жақсы. Ақиқатына келер болсақ, сендер ұйықтап жатқанда, біз ел құрдық. Сендер ұйқыда болған кезде, біз елді жаңғыртатын ірі-ірі реформаларды қолға алдық. Нарықтық қатынастарды батыл енгізіп, жаңа жүйе құрдық. Тоқсаныншы жылдардағы қиындықтарды еңсердік. Тәуелсіздікті нығайтып, Қазақстанды әлем танитын елге айналдырдық. Жеке өз басыма келсем, қазақтың көк байрағын Олимпиадада желбіреттім. Ел бірлігін ойлап, қоғамдық істерге белсене араластым. Ояну деген – «бүйректен сирақ шығару» емес. Ояну деген –ел ішіне іріткі салу емес. Жастық жігерді дұрыс іске, дамуға, ел игілігіне арнайық, – деді И.Байрамуков.

 Байрамуков

Бейбіт шерудегі сөз алған көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Әскери ғылымдары академиясының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Ким Серікбаев, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров және тағы басқалар көпшілікті, оның ішінде жастарды Тәуелсіздік деген тәтті ұғымның қадір-қасиетін бағалай білуге шақырды.

         

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір