• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:14:18
Алматы
+35°

Тоқаевтың кішкентай баламен түскен фотосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Аталмыш фотоны танымал блогер Шолпан Әли өзінің фейсбук парақшасынан жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

"Әдемі көрініс, иә. Бүгін Тоқаев күзетшілерсіз халық арасына шықты. Пиар болғанның өзінде бұл - дұрыс! Президенттің қасындағы халықтың көңіл-күйі де көтеріңкі. Енді адамның көңіл-күйін қолдан жасай алмайтыны анық. Ал Тоқаевтың қолындағы бала ержетіп, ата-анасының көз қуанышы болсын. Кейін ол ержеткен соң бұл суретті өзінің немере-шөберелеріне мақтанышпен көрсететін болады", - деп жазды Шолпан Әли.

Жазбаға пікір қалдырғандардың екі түрлі болды. Бірі Тоқаевтың бұл әрекетіне тәнті болса, екіншісі президенттің күзетшісіз жүргеніне сенбейтінін айтты. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір