• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:12:41
Алматы
+35°

видеодан кадр

Бүгін, мереке күні Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында митинг өтті. Шеруге шыққандардың ішінде егде жастағы әйел азаматша шеп құрып тұрған полицейлердің алдында тізерледі. Бұл видеоны Тұрғымбай Ержан өзінің Youtube арнасына жүктеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алаңға шыққан әйел:

"Ешкімге тиіспеңдерші, қойыңдаршы, өтініш!",- деп полиция алдында тізе бүкті. Сол жерде жүрген басқа да әйелдер оны орнынан тұрғызып, олай жасамауын сұрады. Тізе бүккен азаматшаны ұстап алып кетпек болған полицейлерге шеру белсенділері қарсы шықты.  Барлық әйелді алып кетуге құзырлы орган мәжбүр болды.

Видеода үстіне еліміздің көк туын жамылып, басына тақия киіп алған ер азамат аяғы жерге тиер-тимес болып, тәртіп сақшыларының қолында кетіп бара жатып "Оян, қазақ!" деп ұрандап барады.

Естеріңізге сала кетейік, Бас прокуратура бұл митингтің заңсыз деп табылатынын алдын-ала айтқан болатын.

ҚДТ экстремистік топ ретінде тіркеліп, ел көлемінде шектеу қойылған қозғалыс болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір