• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:24:14
Алматы
+35°

Түркістан облысында әскери бөлімге жақын маңда өрт шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінде хабарланды. 

"6 шілдеде 21:02-де өртке қарсы қызметтің кезекші бөліміне Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш ауылынан 120 шақырым жерде, №2020 әскери бөлімге жақын маңда қураған шөп өртенгені хабарланған", - делінген хабарламада. 

Өрт 22:35-те ауыздықталып, 22:57-де толықтай сөндірілген.  "Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт аумағы - 3 гектар жер. Өрт сөндіруге Түркістан облыстық ТЖД  жеке құрамының 22 маманы мен 4 арнайы техника жұмылдырылған", - деп түйіндеді ведомство өкілдері. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір