• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 13:49:53
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

07 Шілде, 2019 Спорт

Жанқош Тұраров аргентиналық боксшыны жеңіп, WBO чемпионы атанды

Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Intercontinential чемпионы атанды. 

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінің басты кездесуінде аргентиналық Мауро Годоймен жұдырықтасты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек 3 раундқа жалғасып, отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Intercontinential чемпионы атанды. 

Жанқош Тұраров

Жанқош Тұраров

Еске салайық, кәсіпқой бокста 2 жылға жуық жекпе-жек өткізбеген Жанқош Тұраров маусым айында шаршы алаңға жеңіспен оралған болатын. Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. 

Сондай-ақ бұл кеште өзге қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шықты. Атап айтқанда Сұлтан Зәуірбек Грузиядан келген Георгий Гачечеладзені жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, Әли Балоев бразилиялық Хэмилтон Вентураны алтын раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен ұтты.

Ал "Қазақ королі" деген лақап атпен танымал Виктор Коточигов мексикалық Хайро Лопестен басым болып, жеңіл салмақта бос болған WBC International белбеуін иемденді. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір