• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:31:09
Алматы
+35°

07 Шілде, 2019 Music

Қазақстандық жұлдыздардың Арыстағы жарылыс туралы бейнебаяны жарыққа шықты (видео)

Қазақстандық жұлдыздар Арыстағы жарылысқа арнап "Біз біргеміз" атты ән шығарды

Қазақстандық жұлдыздар Арыстағы жарылысқа арнап "Біз біргеміз" атты ән шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бүгін аталмыш әннің бейнебаяны жарыққа шықты. 

Аталмыш әнді Нұрболат Абдуллин, Маржан Арапбаева, Нұржан Керменбаев, Луина, Әли Оқапов секілді танымал әншілер орындайды. 

"Біз біргеміз"

әні. Р.Гайсин
сөзі: Д.Алдабергенов

1)
БІР ӨМІР бізге берілген
БІР ӘЛЕМ елге бөлінген
БІР КҮН бар адам баласына 
Бірдей көрінген.
БІР БАҚЫТ бәрі іздеген
БІР ҮМІТ ешкім үзбеген
БІР ТІЛЕК тұрған байланысып
Жіпсіз бізбенен.
Адам мен ортақ анадан
Ұлттардың бәрі тараған
Адамзаттың жүрегі БІРГЕ!

Қайырмасы:

Тілегі жарасқан бір әуенбіз
Жүрегі жалғасқан бір әлембіз
БІЗ ӘРҚАШАН БІРГЕМІЗ!

2)
БІР ҒАСЫР – адам өмірі
БІР-ақ СӘТ – жұлдыз сөнуі
БІР СӨЗден мүмкін қалуы да
Адам көңілі
БІР ОТАН – БІРЕУ АНАСЫ
БІР ХАЛЫҚ – саған жанашыр.
БІР ғана ТІЛДЕ сөйлеседі
Әлем баласы.
Сан қилы сынақ, сында да
Қуаныш, асар, мұңда да
АЛАШ жұрты АРЫСПЕН БІРГЕ!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір