• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:13:07
Алматы
+35°

07 Шілде, 2019 Саясат

Кәрім Мәсімов: Назарбаевтың шешімі дұрыс екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді (видео)

Бұл туралы Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмде айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетуден бір-екі күн бұрын Кәрім Мәсімовпен ақылдасқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмде айтты. 

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов Назарбаевтың отставкаға кету жөніндегі шешімін алғашқыда қолдамаған.  

"Мен Назарбаевтың отставкаға кететінін бір-екі күн бұрын білгенмін. Нұрсұлтан Әбішұлы өз құпиясымен бөлісті. Ол өзінің отставкаға кететінін айтты. Бұдан кейін біз Конституциядағы заңнамаларға сәйкес өз жұмысымызды жалғастырамыз деді. Мен мұндай шешім қабылдаудың қажеті жоқ деп есептедім. Әлі уақыты келмеді деп ойладым. Нұрсұлтан Әбішұлына кеңесім мынадай болды: "Асығыс шешім қабылдаудың керегі жоқ шығар, бәлкім, өкілеттік тек 2020 жылдың соңында аяқталады". Ал ол өз кезегінде бір күн кеш кеткеннен, бір күн ерте кеткен жақсы деп айтты. "Мен осындай шешім қабылдадым. Сен де мұның дұрыс шешім екенін жақында түсінесің, көмекші мырза. Бәрі өз уақытында жасалу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өмір оның шешімі дұрыс екенін көрсетуде", - деді Кәрім Мәсімов. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір