• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:23:02
Алматы
+35°

07 Шілде, 2019 NEWS

Тоқаев осы бір аптада не істеді? (видео)

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптада атқарған жұмыстары

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 1-7 шілде аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу жасалды. Бұл видеоны Берік Уәли өз Facebook желісіне жүктеген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

1-7 шілде аралығында Қасым-Жомарт Тоқаев:

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады.

Қазақ Ұлттық өнер унииверситетінің ректоры Айман Мұсақожаеваны қабылдады.

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының ғимараты мен халықаралық арбитаждық орталығын ашты.

"Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырыс өткізді.

Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджармен кездесті.

Bloomberg Media Group компаниясының бас атқарушы директоры Джастин Смитпен кездесті.

Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.

Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады.

Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашиянмен телефон арқылы сөйлесті.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Citigroup банкінің үкіметтер мен мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық блогының басшысы Джули Монакомен кездесті.

Polpharma компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті.

Exxonmobil Production Company президенті Нил Даффинмен кездесті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір