• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:15:38
Алматы
+35°

08 Шілде, 2019 NEWS

Қорғаныс министрі Арысқа келді

Қорғаныс ведомствосының басшылығы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Өңірдегі жұмыс сапары барысында әскери ведомство басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Арыс маңын қарап, арсенал мен іргелес жатқан аумақты, сондай-ақ оқ-дәрілер қалдықтарын жою бойынша полигонды тексерді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс жүріп жатқан жерде оқ-дәрілер қалдықтарын тазарту жөніндегі шараларды орындап жатқан инженерлік-саперлік, материалдық-техникалық бөлімшелер және әскери өрт сөндірушілер жеке құрамымен қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқама жүргізілген.  

Арыс полигон

Қорғаныс ведомствосының басшылығы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бірінші кезекте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екінші кезекте, оқ-дәрілердің бөліктерін іздестіру және шығару бойынша жұмыстарды атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін сақтау.

Сондай-ақ қолайсыз ауа-райында тәулік бойы жұмыс істеп жатқан ҚР ҚК бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесу өтті. Жоғарғы Бас қолбасшы атап өткендей, төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі әскери қызметшілердің жұмысы жауынгерлік тапсырманы орындауға байланысты. Төтенше жағдай себептерін айқындау бойынша ішкі қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу үшін Н. Ермекбаевпен бірге ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының комиссиясы келді.  

Естеріңізге сала кетсек, осы өңірде жарылмаған оқ-дәрілерді тиеу және шығару, сондай-ақ оқ-дәрілердің қалдықтарын жою жөніндегі жұмыстар басталғанын хабарлаған болатынбыз. Қала тұрғындары үшін аталған жұмыстар еш қауіп туғызбайды. 


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір