• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 22:13:05
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

05 Шілде, 2019 NEWS

Әлемнің ірі киностудия өкілдері Маңғыстауда кино түсіруді жоспарлап отыр

Бұл туралы Маңғыстаудағы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында шетелдік продюсерлердің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен 15-Халықаралық «Евразия» кинофестивалінің ашылуына келген шетелдіктер Елорда мен Алматы облыстарында болып, бүгінде ат басын Маңғыстауға тіреген. Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылдың 3-қаңтарында кино туралы заң енгізіліп, онда шетелдік продюсерлердің  елімізде түсіретін фильмдеріне барынша қолдау көрсетілетіндігі жазылған. Осы мақсатта еліміздің табиғаты, тарихи ескерткіштер және ұлттық болмысымызбен танысуға өңірімізге  АҚШ, Жаңа Зеландия, Словениядан Discovery, NBC Universal, Global Film Solutіons, Lionsgate, Warner Horison  сынды ірі голливудтық кинокомпания өкілдері келді. Екі күнге келген сапар аясында олар Шерқала тауын, жерасты мешіттерін аралап, шар тәріздес алып тастардың тарихымен танысты. Сондай-ақ, жартастағы соқпақ жолдармен  жүріп өтіп,  желкенді қайықпен серуендеді.

«Нұр-Сұлтаннан бастау алған сапарымыз қызықты сәттерге толы болды. Көп тәжірибе жинадық. Ерекше шабыт алдым, табиғат қандай ерекше.  Барлық жүріп өткен жерлерімізді бейнетаспаға түсіріп келеміз.Видео – ролик жасап,өз елімізге барғанда көрсеткіміз келеді. Қандай бағытта кино түсіретінімізді алдағы уақытта жоспарлаймыз» - деді Discovery арнасының вице-президенті Джорджина Суртис.

Жетісу өңірі мен маңғаз Маңғыстаудың тамаша табиғаты шетелдік кинокомпания өқілдерін ерекше таңғалдырған. Бірінші сапарлары болса да, шаршағандарына қарамастан ерекше әсер қалдырды деп ой қорытты. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір