• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:33:54
Алматы
+35°

26 Маусым, 2019 Саясат

"100 нақты қадам" Ұлт жоспары сот жүйесіне не береді?

Бұл ақиқатын айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі үлкен жобасы. Бұл Қазақстанды алға апаратын өте керекті әрі қомақты қадам. Қазір аталған жоба, Ұлт жоспары нәтижелі түрде жүзеге асып жатыр. Оның жемісін де көріп отырмыз.

Ақиқатын айтқанда, елімізде заң жүйелі түрде орындалса, оның да жемісі үлкен. Заңның мәртебесі жоғары. Ол орындалса, ешкім де тәртіп бұзбайды. Мұны неге айтып отырмыз? Өйкені «100 нақты қадам Ұлт жоспарында» басымдықтың бірсыпарасы осы заң саласына арналған. Ал Назарбаевтың 100 нақты қадамы қазіргі уақытта сот жүйесі саласына тың өзгерістер әкелуде. Құқық саласы  бүгінгі таңда Ұлт жоспарының ұтымды кезеңін бастан өткеруде.

Айта кетер бір жайт, Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның екінші тармағы «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталады. Демек 100 нақты қадамның 20-ға жуық бабы осы заң, құқық саласына арналып отыр. Осыдан шығатын тұжырым, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сот жүйесіне не берді?

Біріншіден, сот жүйесі барынша ашық, халыққа қолжетімді бола түсті.

Екіншіден, қазір бұл салады бюрократиялық кедергілер азайды. Үшіншіден, бұрынғы уақытта іс материалдарына соңғы нүкте қойылғанша  2,5 жыл, кейде 3 жыл уақыт кетті.

Төртіншіден, қазіргі уақытта қаралған іске нүкте қойылу мүмкіндігінше, бір жыл уақыттан ары ұзамайды.

Бесіншіден, бүгінгі күнде арыз-талаптардың 90 пайызға жуығы интернет онлайн жүйесі арқылы қабылданады.

Алтыншыдан, әлемдік рейтингте назар салатын болсақ, сот, құқық саласында күрт алға  жылжудың көрінісі байқалады. Қазір сотқа жағдай жасау жағынан төртінші орынға шыққанымыздың өзі де өте үлкен жетістік екенін айта кету ләзім. Біздің алдамызда Оңтүстік Корея, Сингапур Норвегия елдері ғана тұрғанының өзі біздің бұл салада соңғы екі-үш жылдағы күр серпілістің барының айқын көрінісі. Демек, бұдан шығатын қорытынды, айтылған өзгерістердің барлығы да 100 нақты қадам Ұлт жоспарының жарқын нәтижесі деуге тұрарлық.

Әрине сот жүйесінің жетілдіру ең алдымен кадрларға, білікті мамандарға  қатысты екені сөзсіз. Бұл орайда Елбасы сот жүйесі мамандарының алдына жүйелі міндеттер қойды. Ол үшін қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар судьялардың кез келген істерге араласа беруі доғарылды. Олардың жүктемесі азайтылды. Сондай-ақ сот жүйесі бюрократиялық істерден тазартылып, ыңғайлы жүйеге енді. Елбасы тапсырмасынан кейін бүгінде сот жүйесінде іргелі өзгерістердің нәтижесі көріне бастады. Ең бастысы, судьялық қызмет кездейсоқ адамдардан арылды. Бұл салаға білікті, білімді, мәселенің түйінін оңтайлы шешетін судьялар келе бастады. Судьяларды аттестациялау саласында да талап күшейді. Барлығын арнайы құрылған комиссия зерделеп шешетін болды. Жоғары сот төрағасы баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, биылдың өзінде 500-ге жуық судья  аттестациялаудан өтетіні белгілі болды. Бұл әрине сот үкімін шығарып жүргендер үшін үлкен сынақ екендігі сөзсіз. Ал аттестаттаудың пайдасы не? Аталған салада ең мықты, білікті кадрлар қалады. Азаматтардың судьяға деген сенімі артады.

Оның үстіне қазіргі уақытта сот үкімін шығару үшін судьялардың көп уақыты матариалдарды қарауға, оны жүйелеуге кетеді. Атап айтар болсақ, жиырмадан астам құжаттарды толтыруға мәжбүр. Бұл әрине сот процесін жедел қарауға кесірін, кедергісін тигізеді. Сондықтан Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов мырза атап өткендей, қазір судьялардың ісіне тосқауылы көп нәрселерден арылудың жолдары қарастырылып жатқанға ұқсайды. Ең алдымен судьялардың жүктемесі азайтылайын деп отыр. Бұл бір. Екіншіден, сот төрелігіне тікелей қатысы жоқ функцияларды нотариустар мен про¬куратураға беру жағы да қарастырылуда.

Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов бір сөзінде жүктемелердің шектен тыс көптігінен судьялыққа бос орындардың көп болуын да жасырған жоқ. Әрине жүктеме көп болған соң, жұмыс та ауырлайды. Жалпы адамның мүмкіндігі шексіз деу қате. Сол сияқты судьялардың жаны да темір емес қой.  Жоғары соттың баспасөз қызметінің деректеріне назар аударар болсақ, 2017 жылы сотқа 2,7 миллион іс пен материал түскен көрінеді. Бұл мәлімет 2018 жылы 4,5 миллионға жеткен. Биылғы жылы да бұл азаймай отыр. Жалпы мәліметке қарар болсақ, ресейлік судьялар орташа есеппен 1000 іс қарайтын болса, қазақстандық судьялар 2 мыңнан аса іс қарайды екен. Әрине, екі есе көп. Ал мұны қарапайым көпшілік біле бермейді. Кейбір сотқа түскен іс материалдарының ұзаққа созылып кетуінің осындай сыры бар көрінеді. Осыған байланысты Елбасы тапсырмасына орай қазір сот саласында кұрделі процестер жүзеге асуда. Жоғары сот төрағасын қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев та    сот саласында күрделі өзгерістер қажеттігін тапсырған болатын. Осыған орай қазіргі кезеңде бірқатар заңға өзгерістер енгізілді. Атап айтар болсақ, осы уақытқа дейін аталған саладағы он бес заңның алтауы күшіне енген, үшеуі парламентте, ал қалғаны Мәжілістің қарауына ұсынылу үстінде екен.

Жалпы судьяларға жүктемелерді қалай азайтуға болады? Оның шешудің жолы бар ма? Бұл орайда Жоғары Сот төрағасы Жақып Асанов оны шешудің жалғыз жолы бар екенін айтады. Ол үшін татуластыру институтын дамыту қажет. Бұл қазіргі уақытта ең оңтайлы жол болып отыр. Адамдар арасындағы араздықты сотқа дейін татуластыру арқылы шешу соттың да уақытын алмайды. Бұл өте ыңғайлы шешім. Ал егер іс сотқа түсіп кетсе, ол өте ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Сондықтан дамыған елдердегі осы тәсілді қолдану Қазақстан үшін де дұрыс жол болып отыр. Мәліметке жүгінер болсақ, дамыған елдерде мәселінің 60-70 пайызы сотқа дейін, яғни татуластыру институты арқылы шешіледі екен. Осыған орай республикамызда да сингапурлық тәжірибе бойынша пилоттық тәсіл жұмыс істеуде. Атап айтар болсақ, «Түнгі соттар», «Отбасылық соттардың» тиімділігі орасан зор болып отыр. Қазір Қазақстан бойынша  осындай 16 орталық өз жұмысын бастады. Ал тауластыру кабинеттерінің саны 1016-ға жеткен. Аталған орталықтарда барлық мамандар жұмыс істейді, заңгер, нотариус пен арнайы психологтар түйінді немесе араздықты шешудің жолдарын іздестіруде. Татуластыру институты  негізінен екі тарапқа да тиімді болып отырғанын жасыруға болмайды.

Қазір 100 нақты қадам Ұлт жоспарына  сәйкес, татуластырушы судьялар институты да іске қосылды.  Қазір мұндай судьялардың саны 93-ке жетті. Олар істі сотқа бермей тұрып, екі тарапты татуластыруға жұмыс істейді. Бұл жұмыс та қазіргі уақытта өз нәтижесін беріп отыр. Мысалы, Жоғары соттың баспасөз қызметінің деректеріне сенсек, қазірдің өзінде істердің 55 пайызы екі жақтың бітімімен аяқталып отыр.

 Бұдан шығатын қорытынды не? 100 нақты қадам Ұлт жоспарына  сәйкес, өмірімізде заң үстемдігін құруда. Демек, адамдар заңды сыйласа, тәртіпсіздік  те болмайды, заң да бұзылмайды. Демек қазіргі уақытта сот, құқық саласындағы жүзеге асырылып жатқан  күрделі реформаларға ең алдымен сеніммен қарауымыз керек. Ол уақыт келе өз нәтижесін беретініне еш күмән жоқ. Ал 100 нақты қадам Ұлт жоспары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған, болашаққа бағдар берген стратегиялық құжат десек те болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір