• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:25:38
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов масаға таланған халықтың арыз-шағымы туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Масаға таланған халықтан түсетін арыз-шағым саны артып барады. Аудан әкімдері мен басқа да жауапты азаматтарға бұл келеңсіздікпен күресуге пәрмен бердім. Мүмкін дезинсекция қоспаларының құрамына өзгеріс енгізу керек шығар", - деп жазды әкім Твиттер парақшасында. 

Көлгінов өзі отырған орынның бұрынғы иелерін қатал сынға алды.

"Менің алдымдағы әкімдердің не ойлағанын білмеймін, бірақ халықты ойламағаны анық. Егер мен жұмыс жасаған Орал қаласына барсаңыз, мұндай мәселелер мүлдем жоқ", - деп түйді ол сөзін.

Еске сала кетейік, Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып 2019 жылдың 13-маусымы күні тағайындалды. Оған дейін шаһарды Бақыт Сұлтанов басқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір