• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:37:59
Алматы
+35°

09 Шілде, 2019 NEWS

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Шайымова Айгүл Амантайқызы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне Жүнісбекова Мәдина Серікқызының оқу демалысы кезеңіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Айгүл Шайымова 1979 жылы Целиноград облысының Маринов ауылында туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қаржы полициясы академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.  

Түрлі жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық және сыйбайлас жемқорлық қылмыстары агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді. 

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2017-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аппарат жетекшісі болды. 

2016 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі қызметін атқарды.

2016 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді. 

Шайымова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір