• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:53:58
Алматы
+35°

09 Шілде, 2019 Денсаулық

Оңтүстік Қазақстанда аса қауіпті жұқпалы ауру тіркелді

Осы орайда Жандарбек Бекшин шетелге шығатын қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин елдің оңтүстік өңірінде тұрғындар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырғанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"9 жағдай тіркелді. Қызылорда облысында 4 адам және Түркістан облысында 4 адам жұқтырған. Тағы бір адам бұл ауруды Өзбекстан Республикасынан жұқтырыпты", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда Жандарбек Бекшин шетелге шығатын қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді.

"Өте жұқпалы аурулардың бар екенін естен шығармауымыз керек. Мысалы, денге безгегі. Соңғы екі жылда 9 қазақстандық турист осы ауруға шалдықты. Қазақстандықтар Үндістан, Таиланд, Вьетнам, Сингапурде болып, экзотикалық дертті жұқтырған", - деді бас санитарлық дәрігер.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір