• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:05:49
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019 Оқиғалар

19 жастағы бойжеткеннің өлімі: "Әділдік іздеп шаршадық!"

Анасы істің түсініксіз тұстарының көп екенін айтуда.

«Әділдік іздеп, шаршадық!». Ақтөбе облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған 19 жастағы бойжеткеннің туыстары полицейлердің істі дұрыс тексермей жатқанын айтып, шағымданды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Марқұмның мүрдесін жақындары ауылдағы бір үйдің моншасынан тауыпты. Алайда олар қыздарының ол үйге бармақ түгілі, тіпті жақын араласқан адамдары еместігін айтып отыр. Ал, сараптама қорытындысында бойжеткеннің  иістен уланғаны жазылыпты. Бірақ, жақындары мұнымен келіспей, мүрдеге эксгумация жасап, нағыз қылмыскерді тапсын деп отыр. 

Қайғылы оқиға осы жылдың сәуір айында Бадамша ауылында болған. Сол күні Жұлдыз түнделетіп дәмханадағы жұмысынан қайтыпты. Алайда, үйіне жетпеген. Қызының өлі денесі моншада жатқанын анасына күндізгі 11-лерде хабарлапты. Тауып алған - монша қожайынының ұлы екен. Ол жерге бойжеткенің қалай барғаны, кіммен барғаны жақындарына әлі күнге дейін жұмбақ. Олар бірауыздан қызды біреулер алдап шақырып алып, қастандық жасаған деп санайды. 

"Екі жарым ай өтті, еш нәтиже жоқ. Полиция дұрыс жұмыс істемейді. Олар  газға уланған деген қорытынды шығарды. Сараптамада газға уланған деп берген, бірақ газ учаскесінің  нормаға сәйкес деген қағазы бар. Олар әлі күнге таба алмай отыр қылмыскерді. Іздегісі де келмейді", - дейді марқұмның ағасы Марат Төлешов.

Істің түсініксіз тұстарының көп екенін анасы да айтуда. Тіпті, кінәнің бәрін қызыма артып, жеңілжүрісті қылып көрсеткілері келіп отыр деп наразы. 

"Олар қызымды өз ажалымен өлді деп, істі жылы жауып қойғылары келіп отырған шығар. Бірақ, менің жүрегім сезеді. Ешқандай газға уланбаған. Оны әдейі өлтірген. Қызымды жеңіл жүрісті қылып көрсеткілері келеді, ол ондай емес!" - деді анасы Кенже Төлешова.

Жұлдыздың жақындары оның ақжарқын, пысық, оғаш қылығы жоқ болғанын айтады. Биыл колледжді аяқтап, диплом алуы керек еді.  

Төлешовтер полицияға да, прокурорларға да шағымданған. Әзірге еш мардымды жауап алмадық деп отыр. Ал сот-медициналық сараптамасының қорытындысына күмәнмен қарайтын Жұлдыздың анасы мәйітке эксгумация жасауды талап етуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір