• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:43:27
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019 NEWS

"Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды

Вице-министр түрмеде отырып жазған кітап жақын арада баспадан шығады

Бүгін сот залынан босатылған бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауда отырған кезде кітап жазғанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Түрмеде отырған 34 күн бойы мен кітап жаздым. Оның аты - "Түрме вице-министрдің көзімен". Жақын арада жарыққа шығады. Бұл өте қызықты кітап болады. Ол мен туралы автобиография емес, сан алуан адамдардың пікірі енгізіледі. Мен оны аяқтауға жақынмын. Әдеби түзетулер ғана қалды", - деді Суханбердиева.

Оның айтуынша, бұл кітапты шетелдіктер сұрап отыр. Бірақ вице-министр оны алдымен Қазақстанда таратамын дейді.

"Қазір маған баспа орталықтары хабарласып жатыр. Олар кітапты басып беруге ниетті. Мен арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге де таратамын", - деді Суханбердиева.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір