• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:26:44
Алматы
+12°

26 Маусым, 2019 NEWS

100 нақты қадам: Болашақта туризм Қазақстанның дамуына айрықша серпін береді

Әлем елді тану үшін туристер көп келуі керек. Өйткені туризм саласында табыс мол. Қазақстанда да қазіргі уақытта осы салаға барынша назар аударылып келеді. Ақиқатын айтсақ, ішкі және сыртқы туризм қазіргі уақыттағы мемлекет жүргізіп отырған басты саясат.

100 нақты қадам:  Болашақта туризм Қазақстанның дамуына айрықша серпін береді Әлем елді тану үшін туристер көп келуі керек. Өйткені туризм саласында табыс мол. Қазақстанда да қазіргі уақытта осы салаға барынша назар аударылып келеді. Ақиқатын айтсақ, ішкі туризм қазіргі уақыттағы мемлекет жүргізіп отырған басты саясат. Нұрсұлтан Назарбаев 100 нақты қадам Ұлт жоспарында туристік кластер құру және елде аталған саланы дамыту туралы (57 қадам) тапсырма бергені белгілі. Осыған орай қазіргі уақытта осы  бағытта батыл қадам жасалынып жатыр. Қазір туристер баратын Қазақстандағы 10 аймақ мақұлданды, нақтыланды және бекітілді. Оларға қатысты инфрақұрылымдық жұмыс та жасалынып жатыр. Ол туралы әңгіме кейінірек. Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы да құрылды.Қазір аталған компания туристік ортаның имиджін қалыптастыру үшін қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Президенттің Ұлт жоспарынан кейін жұмыстар да жүйелінді. Жыл өткен сайын Қазақстанға келуші туристердің де қатары арта бастады. Бір ғана мысал, Димаш Құдайбергеннің Лондонда, Мәскеуде және АҚШ-тағы халықаралық шоуға қатысуының өзі Қазақстанды тағы да әлемге танытты. Астанада өткен Димаш Құдайбергеннің концертіне 60 -тан астам елден туристер келді. Міне мұның өзі – Қазақстанды бүкіл әлемге таныту және таныстыру. Өйткені қазақ мемлекеті Димаш секілді таланттарға көп қолдау жасап жатыр. Бұл елдегі туризмді сыртқы елдерге танытудың да бір тәсілі деп атауға болады. Жалпы мәліметтерге назар аударар болсақ, жыл өткен сайын елімізге келетін туристердің саны өсуде. ЭКСПО көрмесіне ағылған туристер одан кейінгі уақытта да  толас тапқан жоқ. Бір ғана мысал, 2018 жылы Қазақстанға келген туристердің саны шамамен 8,79 миллион адамды құраған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 14,1 пайыз артық деген сөз. Соңғы жылдары әсіресе, Біріккен Араб Әмірліктері, Индия мен Малайзиядан келетіндердің шоғыры артты.  Сондай-ақ Гонконг пен Оңтүстік Корея мен Қытайдан келіп, Қазақстанды аралайтындар да  күрт көбейді. Бұл ғана емес, Ресейден келіп, еліміздің көрікті жерлерін көретін азаматтардың да саны  жыл өткен сайын артып барады. Әсіресе, бұл Қазақстанмен шекаралас ауданның азаматтары екенін айта кеткен жөн. Айта кетер бір жайт, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында да ішкі туризмді дамыту қолға алынды.  Осы жерде айта кетер бір жайт, қазақстандықтардың  бүгінгі таңда сауықтыру және жағажай туризміне аңсары күшті. Бұл орайда Алакөл, Балқаш, Каспий теңізі мен Бурабай маңайындағы көлдерге демалатын азаматтар күрт көбейген. 2018 жылы Қазақстанның курорттық аймақтарында 1 миллионнан астам адам ем алып, демалып қайтқан көрінеді. Сондай-ақ 2018 жылы ішкі туризм саласында 4,7 миллион адам ел аралап, тарихи -мәдени ескерткіштер көп орналасқан аумаққа барып қайтқан. Сондай-ақ елімізде экотуризм саласы да қарқынды дами бастады. Бұл қысқа немесе бір-еік және төрт-бес күндік сапарлар. Еліміздің көрікті жерлерін шолып қайтатын туристер бұл жерлерде көп аялдамайды. Бірақ сұлулылығына сұқтанып қайтады. Экотуризмнің бір жақсы жағы да осы. Осыған байланысты қазіргі уақытта Елбасы тапсырмасына сай, экотуризмді дамыту жағы қарқынды түрде қолға алынды.

Елбасы елімізде туризмді дамытуға неге көңіл бөліп отыр? Мұның себебі неде?

1. Ақиқатын айтқанда, туризмнен Қазақстан экономикалық жағдайын жақсартады.

2. Қазынаға қомақты салық түседі.

3. Түскен салықтан бірқатар әлеуметтік мәселелер шешіледі.

4. Жергілікті аумақта шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпкерлік дамиды.

5. Сервистік қызмет жақсарады

6. Маусымдық жұмыстар көбейеді, жұмыссыздардың саны азаяды.

Әрине, мұның барлығы бір жылда шешіле салатын шаруа емес. Сондықтан да  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» стратегиялық құжатында туризм саласына айрықша назар аударды. Ұлт жоспарының  57-қадамында  туристік кластерлер құру үшін әлемдік тәжірибесі бар инвестеорларды тарту туралы мәселе көтерді. Мұндағы мақсат біреу – халықаралық туризм салсында бәсекелестікті арттыру. Қазақстанның оң имиджжін қалыптастыру.

Сондықтан да қазіргі уақытта елімізде туримді дамытудың мемлекеттік картасы жасалды. Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысынан алынған дерекке сенсек, қазіргі уақытта туристер келетін еліміздегі ең үздік 10 аймақ аталған. Сонымен қатар, туристер баратын немесе қызыға көретін 50 аймақ және бар. Оның барлығының да инфрақұрылымдық және көлік- жол  бағыттары анықталып, жұмыс жүйелі жүргізілуде.  Бұл бойынша алдағы төрт-бес жылда туристер ағыны төрт есеге артады деген мәлімет бар. Сондай-ақ осы бағытта жаңадан 65 мыңға жуық жұмыс орындары құрылмақ. Сонымен...

Республика бойынша туристер баратын ең үздік 10 бағыт қайсы?

1.  Астана қаласы

2. «Бурабай» курорттық аймағы

3.  Алакөл көлі

4. Алматы облысының тау кластері

5.  Баянауыл курорттық аймағы

6. Имантау-Шалқар курорттық аймағы

7. Балқаш көлі

8. Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі,  Арыстан баб,

9. Байқоңыр ғарыш кешені

10. Маңғыстау аймағы Аталған 10 үздік туристік аймаққа жылына 200 мыңнан бастап 2 миллионға дейін адамдар келеді, тамашалайды. Көріп, көздері тойып, демалып қайтады.

Ақиқатында 100 нақты қадам Ұлт жоспарынан кейін Қазақстанның дамуына ерекше серпін беретін туристік салаға айрақша назар аударыла бастады. Бұл әрине, мемлекеттің, Үкіметтің бағдарлы жұмысының нәтижесі деп білеміз.

Автор: Жұлдыз Мұқанова

Author

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір