• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 21:09:38
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

10 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

Болат Кальянбеков "Nur Media" холдингінің  бас директоры болып тағайындалды

Бауыржан Байбек Болат кальянбековке сәттілік тіледі

"Nur Media" холдингінің  бас директоры қызметіне тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Бауыржан Байбек өз Тwitter парақшасында хабарлады.

"Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Nur Media» холдингінің жұмысын қайта қалыптастыруды алдымызға міндет етіп қойды. Бұл бағытта партия ресурстарының жұмысын «жаңа» медиаға басымдық бере отырып жүргізудің маңызы зор.

Осыған байланысты Болат Кальянбеков холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметте табыс пен сәттілік тілеймін!",- делінген жазбада.

Болат Қалянбеков әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде маман, бөлім, басқарма бастығы, сондай-ақ Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Ол Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы және сектор меңгерушісі болды. Қарағандыда Ішкі саясат департаменті мен ақпарат Басқармасында еңбек етті.

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінде жастар саясаты мәселелерімен айналысты.

Бұған дейін "Алматы"телеарнасының бас директоры қызметін атқарған. Сондай-ақ Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір