• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:02:07
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019 Оқиғалар

Жамбыл облысында полицейді пышақтап, өртеп жіберген

Оны өлтіруге ұрлық себеп болмаған, себебі қылмыскер телефон мен ақшаға тиіспеген. 

Жамбыл облысының Шу ауданында Қордай аудандық полиция бөлімі полиция қызметі майорының өртеніп кеткен денесі табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Майордың жүрек тұсына пышақ салынған. Бұл қылмыс туралы ақпаратты Экспресс-К газеті анықтады.  Басылым мәліметі бойынша, бейтаныс әйел телефонмен Жайсан ауылының (Шу қаласынан 15 шақырым жерде) маңында адам денесін көргенін айтқан. Артынша көрсетілген жерге жедел топ қызметкерлері келіп, әріптесінің өртеніп кеткен денесін көрген. Бұл Қордай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастырушылық-сараптамалық жұмыс тобының инспекторы, полиция қызметінің майоры 30 жастағы Бағдат Мәмілеев болып шықты.

Ол екі баланың әкесі.  Дененің қасында оның құжаттары болған: жеке куәлік және қызметтік куәлік ұялы телефонмен бірге пакеттің ішінде жатқан, онда азғантай ақша, джинс, екі жейде және басқа да киімдер болған. Жолға арналған пакет денеден 10 метр жерде жатқан. 

Полицейді анықтауға ерекше белгісі де көмектескен - ол үш жыл бұрын жол апатына түсіп, жарақат алған екен, денеде сол жараның ізі бар. Оны өлтіруге ұрлық себеп болмаған, себебі қылмыскер телефон мен ақшаға тиіспеген. 

Жамбыл полициясының басшылығы пікір білдіруден бас тартып отыр, бірақ  өлімнің себебі анықталу үстінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір