10 Шілде, 2019 NEWS
Диснейдің "Арыстан патшасы" қазақ тілінде сөйлейді (видео)
Белгілі театр актерлері дыбыстады
«Арыстан патша» фильмі енді қазақ тілінде сөйлейді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Жастар театры жазды.
"«Disney» компаниясының классикаға айналған әйгілі «Арыстан патша» анимациялық фильмінің кино нұсқасы жақын күндері көрерменге жол тартпақ. Бұл туынды африкалық саваннаны мекен еткен аң-құстардың тынысы, олардың мейірімі мен махаббаты, сатқындығы мен билікке таласы сынды адамзатта кездесер жағдайларды баяндайды.
Муфаса арыстанның патшалығында Симба атты ізбасары, болашақ тақ иегері дүниеге келеді. Алайда, ағайынның арасындағы алауыздықтың салдарынан кішкентай Симба туған жерінен қуылып, дала кезеді. Қаңғыбас арыстанның түбінде барар жері анық еді. Себебі, оның бойында патшаның қаны бар.
«Жастар театрының» бірқатар актерлары фильм кейіпкерлерін дыбыстады. Олардың қатарында Бекболат Құрманғожаев (Муфаса), Дәурен Серғазин (Тимон), Әділ Ахметов (Камари) және Наурыз Сабағатова (Нала) бар.
.
Әлемдік туындыны қазақ тілінде дыбыстау – үлкен жетістік. Актерларымызды алған тағы бір белестерімен құттықтаймыз!
.
18 шілдеден бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан "Арыстан патшаны" қазақ тілінде көріңіз" делінген жазбада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір