• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:21:20
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019 NEWS

"Ресейдің басқа мәселелері жоқ па?": Қазақстанның Омбыдағы консулы ресейлік журналистерге ұрсып берді

Ресейлік БАҚ өкілдері Қазақстан елшілігінің қабылдауына кіру үшін қазақстандықтардың бірнеше күн кезекте тұрғанын жарыса жазған. 

 Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулы ресейлік журналистермен кездесіп, кезек мәселесі туралы пікір білдіруден бас тартты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ресейлік БАҚ өкілдері Қазақстан елшілігінің қабылдауына кіру үшін қазақстандықтардың бірнеше күн кезекте тұрғанын жарыса жазған. 

Ресейлік БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, қазақстандықтар елшіліктен құжат ала алмай отыр. Алтай, Кемеровск, Челябинск және Түмен өңірлерінде қазақстандықтар бірнеше күн бойы кезекте тұр. 

Осы мәселенің себебін анықтау үшін журналистер Омбыдағы Қазақстанның консулы Қонысбек Жүсіпбековке хабарласқан. Алайда шенеунік журналистерге ұрсып беріпті. 

"Сіздерге не керек, мен түсінбедім? Сіздердің Ресейде басқа мәселелер жоқ па? Неге басқа елдің ісіне араласасыздар? Мен Ресейдің емес, Қазақстанның консулымын", - деген Қонысбек Жүсіпбеков.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір