• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:08:21
Алматы
+35°

26 Маусым, 2015 NEWS

"Қазақ көшін" тоқтатқан бір қаулының күші жойылды

Кеше Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінен қуанышты хабар келді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  2015 жыл 7-сәуірдегі

Кеше Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінен қуанышты хабар келді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  2015 жыл 7-сәуірдегі 315 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №111 Қаулысына сай шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруде 2012 жылдан бері (бұрынғы №362 Қаулы) талап етіліп келген «оның азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімі ретiнде болуы мүмкiн кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат» күшінен қалдырылыпты.

Өкінерлігі, бұл құжаттың ешқендай заңдық негізі болмастан Қаулыға еніп кеткендігі! Сөйтіп, Қазақ көшінің қадамын тоқтатуға ұрындырды.

Осы «Шығу парағы» мен «Азаматтығы тиесілі және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетіндегі соттылығы (соттылығының жоқтығы) туралы құжат» туралы мәселе БАҚ-та көп жазылды. Кедергіні алып тастау жөнінде Қазақстан Республикасы Парланменті Сенатының Мұрат Бақтиярұлы, Қуаныш Айтаханов, Нұрлан Оразалин, Жабал Ерғалиев бастаған депутаттары Үкімет басы К.Мәсімовтың атына хат жазған болатын.

Әдетте Үкімет қаулылары баспасөзде жарық көрген соң 10 күннен кейін қолданысқа еніп атқарыла бастайды. Ал, аталмыш құжатты күшінен қалдыру туралы бұйырықты Көші-қон полициясы департаменті 3-маусымда «Егемен Қазақстан» газетіне, 5-маусымда «Казахстанская правда» газетіне жіберіпті (Тіркеткен номерлері: №963 және № 08 – 36 – 825).

Ауыт Мұқибек

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір