11 Шілде, 2019 Арнайы жобалар
"Абай-175" эстафета: Димаш президент жолдаған эстафетаны зор құрметпен қабыл алды (видео)
Бұл эстафетаны тоғыз жасар Ләйлім есімді балақай бастаған болатын. Бастамасын президентке жолдап, Тоқаев оны қабыл алып, жалғастырған еді.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай басталған эстафетаны ел президентінен Димаш қабыл алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қазақ өнерпазы инстаграмдағы парақшасында жазып, видео жүктеді.
"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым.
Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама, РФ ның халық әртiсi Игорь Крутой ағамызға және менің тыңдармандарыма жолдаймын" делінген жазбада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір