• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:48:07
Алматы
+35°

11 Шілде, 2019 NEWS

Полиция қызметкерлері екі сағат ішінде ауыр қылмысты анықтады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

8-шілде күні Тараз қаласындағы Полиция басқармасына облыстық перзентханадан оның жаңа босанған сәбиін ұрлап кеткені туралы шағыммен жас әйел келген.

"Жас сәбиді іздеу операциясын Тараз Полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ардақ Мадимаров басқарған. Жедел қимылдаған топ қаладағы барлық видеокамераларды қарап, материалдарды зерттеп, ұрының бағытын анықтаған. Анықталған бағыт бойынша қонақ үйлердің біріне жетіп, номерлердің бірінен сәбиді тапқан", - делінген мәлімдемеде.

Осындау ауыр әрі қиын қылмысты анықтау үшін екі сағат уақыт қажет болыпты.

"Сәби ұрлау фактісі бойынша күдікті ретінде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылының 22 жасар тұрғыны құрықталды. ҚР ҚК 135-баптың 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Егер күдікті қылмысын мойындаса, оны 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілейді", - деді полиция басқармасындағы шенділер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір