• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:46:12
Алматы
+12°

11 Шілде, 2019 Әлем

"Ол нақұрысты сотқа беремін": Жиыннан қуылған хатшы Зеленскийге шүйлікті

"Қарақшы, жоғал, бұл жерден!" деп, Зеленский хатшысын жиыннан қуып шыққан болатын

Украина президенті Владимир Зеленский жиынннан қуып шыққан Борисполь қалалық кеңесінің хатшысы Ярослав Годунок болған жайтқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
 
Ярослав Годунок мемлекет басшысын "нақұрысқа" теңеді. Оның айтуынша, президенттің оған жасағаны барып тұрған дөрекілік. 
 
"Мені бастан аяқ қаралады! Әрине, мен енді соттқа жүгінемін. Айтарға сөзім жоқ, шошып қалдым. Мен ол нақұрыстың ісіне таң қалып отырмын", - деді Годунок.
 
Годуноктың ойынша, Зеленский өзін президентке лайық ұстамады, ал ол бар болғаны мемлекет басшысына шындықты жеткізбек болған. 
 
Сонымен қатар, Годунок сәуір айында өткен президенттік сайлауда өзінің Зеленскийге дауыс бергенін және сайлауда үгіт-насихат жүргізгенін мойындады.
 
"Менің балаларыммен бірге "Зеленскийге дауыс берейік" деген суретім бар. Сол үшін мен тіпті Радикал партиясынан шығарылған болатынмын. Мен Олег Ляшкоға Зеленскийді сынамай, қолдайық дегенім үшін айыпты болдым", - деді ол.
 
Годунок бұрынғы президент Петр Порошенкоға қарсы болғандықтан, Зеленскийге дауыс беруге мәжбүр болғанын мойындады.
 
"Зеленский біздің әрқайсымыз президентпіз деді - онда маған сөз беріңіз! Мен әрбір тиынға, әрбір қылмысқа жауап беруге дайынмын. Сеніңіз! Алайда, президент болғаны үшін ғана оның олай істеуге құқығы жоқ. Мен оның бұл қылығын кешірмеймін", - деп сөзін түйіндеді шенеунік. 
 
Оқи отырыңыз: 
♦ "Қарақшы, жоғал, бұл жерден!": Зеленский хатшысын жиналыстан қуып шықты (видео)
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір