• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:00:44
Алматы
+35°

Елбасы «100 нақты қадам Ұлт жоспарында» мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметкердің алдағы уақытта мәртебесі жоғарылай түсетінін атап көрсеткен. Ол үшін не істеу керек? 100 қадамда атап көрсетілген Елбасы тапсырмасы орындалуы қажет. Әрине, жоғары оқу орнын бітірген кез келген маман мемлекеттік қызметке бара алмайды. Ол – мәртебелі орын. Бірақ білікті маман қашан да тасада қалмауы керек. Қазір мемлекеттік кадр дайындаудың А және Б корпусы бар. Демек, бұл – дұрыс талап. Қызметке барғысы келетіндер арнайы тесттен өтеді. Демек, олар мемлекеттік қызметке аса дайындықпен дайындалып барады. Нақты айтқанда, 100 нақты қадамда мемлекеттік қызмет мәселесі ашық көрсетілген. Оның маңызы да зор. Өйткені қызмет кез келген адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Мысалы, Елбасының 100 нақты қадам стратегиялық бағдарламасы жарияланғаннан кейін атқарушы билікте жақсы үрдіс пайда болды. Қазір сонау 1990 жылдардың ортасындағыдай емес, талап – қатал. Биліктің төменгі сатысында жұмыс істемей қазір ешкім бірден жоғары креслоға бара алмайды. Сондай-ақ қазіргі Қазақстан билігінде дағдыға айналған тағы бір дұрыс әдісті немесе тәжірибені  айта кеткен жөн. Ол – Президент әкімшілігінде немесе аппаратында қызмет істеген азаматтарды аймаққа жіберу әдісі. Қазір Президент әкімшілігінде жұмыс істеп, өз кәсіби деңгейін аймақта жалғастырып жатқан атқамінер азаматтар өте көп. Әкім немесе әкімнің орынбасары департаменттің басшысы болып жүргендер қаншама? Мұның барлығы Елбасының 100 нақты қадамының нәтижесі. Жалпы мемлекеттік қызметкердің кабинетте байланып отыра беруі тоқырауға әкеледі немесе ешқандай нәтиже бермейді. Құлағынан телефоны түспей, тапсырма беріп отыру да жаңашылдық емес. Сондықтан мемлекеттік қызметкер мәселені шешу үшін халықтың ортасында және проблемалардың арасында жүруі қажет. Тағы бір нәрсе, мемлекеттік билікте отырғандардың жалақысы оның кабинетте сағаттап отырғанымен емес, нәтижелі жұмыс істеуімен бағалануы тиіс. 100 нақты қадамда «Мемлекеттік қыз­мет­керлердің жалақы­сын қызметінің нәти­жесіне байланысты өсіру» деген бар. Бұл өте қажетті нәрсе. Жұмысының нәтижесіне байланысты жалақысы жақсы төленген шенеуніктің жұмыс істеуге деген мүмкіндігі артады және қабілеті оянады. Өйткені бұл Ұлт жоспары екендігі ақиқат.

Демек бұдан шығатын қорытынды не? Мемлекеттік қызметке барғысы  келетін адам немесе жас маман ең алдымен арнайы тесттен бөлек Елбасының осы 100 нақты қадам Ұлт жоспары бағдарламасын оқып алса, артықтық етпейді.

Айта кететін бір нәрсе, жас маманды мемлекеттік қызметке алар кезде олар іріктеу кезеңінен өтеді. Бұл – өте дұрыс тәжірибе және аталған стратегиялық құжаттың үшінші қадамында атап көрсетілген. Ал төртінші қадамда мемлекеттік қызметке ниет еткендер үшін үш сатылы іріктеу жүйесі бар. Біріншісінде арнайы  тесттен өтсе, екінші сынақ мерзімінде адамның жеке қасиеттері бағаланады, ал үшінші сынақ уақыты әңгімелесуден тұрады. Соңғы іріктеуден өткен соң жас мамандарға тәлімгерлер бекітіліп,  оларға үш немесе алты ай уақыт беріледі.

Әрине, бұл ең алдымен сыбайлас жемқорлық пен тамыр-таныстықтың алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Бұл–заман талабы. Мұны мемлекеттік қызметке барғысы келген кез келген адам білуі тиіс. Өркениет дамыған сайын мемлекеттік қызметке деген жауапкершілік арта түседі.

Негізі отаншыл, мемлекетшіл және бойында патриоттық сезімі жоғары дамыған азамат қандай да бір тәртіпсіздікке бармайды. Жемқорлықпен шырмалмайды. Сонда ғана мемлекеттің іргесі бекиді. Қоғам алға жылжиды.

Қорыта айтқанда, 100 нақты қадам кәсіби мемлекеттік аппарат құруда жастар үшін үлкен мектеп, тағлымды тәжірибе екенін айта кеткен жөн. Сондықтан «мемлекеттік қызметкер боламын» деген азамат айтылып отырған талаптарды еңсеруі тиіс. Талап үдесінен шыққан азаматқа 100 қадамның алтыншы және жетінші қадамында айтылғандай, еңбекақы  жұмысының  нәтижесіне қарай төленеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметкердің жұмыс істеуге деген құлшынысын арттырады. Демек мұның барлығы мемлекеттік қызметтегі кәсіби аппарат қызметкерлерінің сапалы жұмыс істеуін  қамтамасыз етеді. Қысқаша айтқанда Елбасының бұл бағдарламасы елдің гүлденіп, дамыған 30 мемлекеттің қатарына ертерек енуіне жасалған стратегиялық қадам деп білеміз.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір