11 Шілде, 2019 NEWS
Басқарма басшысы 5 миллион теңге парамен ұсталды
2019 жылы 10 шілдеде Талдықорған қалалық сотының үкімімен С. Бекишов пара алғаны үшін сотталды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бұрын облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған С. Бекишовқа қатысты мердігерлік ұйымның басшысынан пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот облыстық мәслихат депутаты Б. Артемовтың, сондай-ақ "УМР-3" ЖШС-нің басшысы қызметін қоса атқарушы ретінде ұлы А. Артемовпен бірге Талғар су торабын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін С. Бекішевке 5 550 000 теңге пара бергені анықталды.
2019 жылы 10 шілдеде Талдықорған қалалық сотының үкімімен С. Бекишов пара алғаны үшін сотталды. Ал Б. Артемов пен А. Артемов әрқайсысына 55,5 миллион теңге көлемінде пара бергені үшін сот айыппұл төлеу мерзімін белгілеп, айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын түсіндірді. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір