• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:09:42
Алматы
+35°

11 Шілде, 2019 NEWS

Украиналық фермер ирис гүліне Димаштың атын берді

Украиндық селекционер Алла Черногуз 2018 жылы шығарылған ирис гүліне әнші Димаш Құдайбергеннің атын берді.

Украиндық селекционер Алла Черногуз 2018 жылы шығарылған жаңа сортты ирис гүлін әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне атады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің Facebook-тегі фан-тобындағы ақпаратқа сүйінсек, Алла Черногуз - Украина Ирис одағының координаторы. Ол 2018 жылы шығарылған ирис гүлінің сортын Димашқа арнады.

Жаңа ирис сорты - қар секілді аппақ, дәні – қызыл-сарғыш түсті. Алла Михайлованың айтуынша, ирис Димаштың дауысы секілді таза әрі жарқын.

2018 жылы шығарылған тағы бір ирис сорты Димаштың "Дайдидау" әніне арналған. Бұл ирис қызғылт түсті. Екі ирис сорты THE AMERICAN IRIS SOCIETY ( тіркеу сандары - № 18-1029 и № 18-1041) ұйымында патентелген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір