• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Қыркүйек, 04:46:09
Кевин Гастон: Бұл табиғаттың құрдымға кетуі деген сөз

10 Шілде, 2019 NEWS

Маңғыстау дәрігерлерінің еңбекақысы 230 мың теңгеге жетті

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі  Татиева Алмагүлдің айтуынша, «Нұр Отан» партиясының кезекті сьезінде берген Елбасы тапсырмасына орай, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен 1 маусымнан бастап, медицина қызметкерлерінің ай сайынғы табысы 15-тен 30 процентке дейін өсті.

Көбейген еңбекақы аймақтағы 1600-ге жуық дәрігер мен 4 мыңнан астам медбикеге берілді. Мәселен, оқу орнын жаңа бітірген жас маман 80 мың теңге, ал, тәжірибелі дәрігерлер 200 мың теңгеден аса айлық ала бастады.

№1 Ақтау қалалық емханасының дәрігері Дина Омарова осыған дейін 75 мың теңге айлық алатын болса, енді маусым айынан бастап оның жалақысы 110 мың теңге болды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір