• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:04:53
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019 NEWS

«NUR OTAN» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясы өтті

Кезектен тыс конференцияға 245 делегат сайланды. Ал күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтқанда «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасын сайлау, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және партия алдындағы міндеттер.

«Yessenov University»-де өткен конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшелері, партия белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосуда сөз алған «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Партия Төрағасы, Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың берген бірқатар тапсырмаларының орындалысына баса назар аудару қажеттігін айтып, партияның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жобалардың уақтылы әрі сапалы орындалуына баса мән беруге шақырды. Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру, кем-кетіктерді толықтыру қажет. Бауыржан Байбек осы мәселелерге баса назар аудару керектігін айтты.

Себебі, тұрғындардың әлеуметтік-саяси өміріндегі партияның рөлі ерекше. Осыны ұмытпау керек. Елдің әлеуетін арттыратын
бастамаларды да аяқсыз қалдырмауды тапсырды. Әсіресе "Бақытты отбасы", "Құтты мекен", "Халыққа көмек", "Ауыл-ел бесігі" сынды 20 жобаның жұмысын жандандыру шарт, деді ол.

Сонымен қатар, конференция барысында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жаңа төрағасы болып облыс әкімі Серікбай Трұмов сайланды. Ал төраға куәлігін Серікбай Өтелгенұлына Бауыржан Байбектың өзі тапсырды. Сондай-ақ, партияның Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

Отырыста Бауыржан Байбек қоғамдық диалог қамтамасыз ету керектігін айтып, арыстықтарға көмек қолын созған Маңғыстау халқына ризашылығын білдірді. Партияның жұмысы елдің мәселесі, деді ол. Содан соң, құрылысы жүріп жатқан онкологиялық орталықтың жұмысын танысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір