• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:20:51
Алматы
+35°

11 Шілде, 2019 NEWS

Әріптестік меморандумға қол қойылды

«Еуразия Ньюс» ақпарат агентіттігі (Қазақстан) мен «Атлас» зерттеу орталығының(Әзірбайжан) әріптестік меморандумына қол қойды

Әзірбайжанның елордасы Баку қаласында «Еуразия Ньюс» ақпарат агентіттігі (Қазақстан) мен «Атлас» зерттеу орталығының(Әзірбайжан) жетекшілері өзара әріптестік меморандумына қол қойды.

Өзара әріптестік меморандумына қол қою рәсімінде «Еуразия Ньюс» ақапарат агенттігінің жетекшісі Нұрғали Жүсіпбай екі ел арасындағы саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқандығына тоқталып, аталған меморандумның екі ел арасындағы бауырластық қатынасының одан әрі дамына оң септігін тизетіннін айтты.

«Қазақстан мен Әзірбайжан Түріксой, Түркі кеңесі, Түркі академиясы, ТүрікПА секілді халықаралық ұйымдарға мүше. Біз де өз кезегімізге осы қатынастардың одан әрі қарқынды дами түсуі үшін осы меморандумға қол қойып, екі ел арасындағы ынтымақтың дамуи түсуіне өз үлесімізді қоспақпыз. Әріптестігіміз ақпараттық алаңды қамтып, екі елдің елдік ынытмағына зор үлес қосады деген үмітттеміз» деді «Еуразия Ньюс» агенттігінің жетекшісі Нұрғали Жүсіпбай.

Әзірбайжандық зерттеу орталығының жетекшісі Элхан Шахиноғлу, Қазақстан мен Әзірбайжан қатынастарының қарқынды дамуындағы Түркі әлемінің ақсақалы Н.Ә.Назарбаевтың елеулі еңбегі мен тарихи рөліне баса назар аударды.

«Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы, Түркі әлемінің ақсақалы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыртқы саясатта Әзірбайжанмен қатынастарға аса үлкен маңыз береді. Бұл дәстүрдің өз жалғасын тауып, одан әрі де дами түсетіндігіне нық сенімдіміз» деп атап өтті «Атлас» зерттеу орталығының жетекшісі Элхан Шахиоғлу.

Ататалған меморандум екі ел арасындағы ақапараттық саладағы әріптестік қатынастрадың дамуын көздейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір