• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:43:17
Алматы
+35°

12 Шілде, 2019 NEWS

Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар тағы да наразылық білдірді

Әлеуметтік көмек пен баспана сұрап жатқан 30 шақты аналарды Ақордаға беттеген сәтте полиция қоршап алды

Елордамыз Нұр-Сұлтандағы алдында көп аналар наразылық білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Көп балалы аналар таңғы сағат 10:00 жинала бастады. Әлеуметтік көмек пен баспана сұрап жатқан 30 шақты аналарды Ақордаға беттеген сәтте полиция қоршап алды. Олар Нұрлыжол бульварында тұр.

"Бізге баспана керек!" деп ұрандаған қауым Тоқаевтың келуін талап етіп жатыр.

Көп балалы аналар баспана талап етуде. Наразы топқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова келді. Ол әйелдерді ішке кіріп, проблемаларды тақылауға шақырды.

"Наразылығы, олар  біріншіден, айтып отырған мәселе баспана деп отыр. Баспанаға кіру үшін бірнеше бағдарлама бар. Сондықтан, біз аналарға өзіміз талап етіп отырған залға кіруді өтіндік, залға әкімнің орынбасары келіп отыр. Олар сұрақтардың бәріне жауап береді", - деді Светлана Жақыпова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір