• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:51:25
Алматы
+35°

12 Шілде, 2019 Тағайындау

Белгілі тележурналист Мейіржан Әлібекұлы басшылық қызметке тағайындалды

Қызметін өңірлік арнадан бастаған ақпарат тарланының есімі Ұлттық арнамен біте қайнасып кеткені белгілі.

Белгілі тележурналист Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлы "Қазақстан" РТРК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мейіржан Әлібекұлы

"Жамбыл" арнасы ұжымына жаңа басшыны таныстырдық. Басқарма басшысы Лəззат Мұратқызының шешімімен бұл жауапты қызметке медиа саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар, елдің сүйікті ұлдарының бірі Мейіржан Әлібек @meirzhan_alibekuly лайық деп танылды. Қызметін өңірлік арнадан бастаған ақпарат тарланының есімі Ұлттық арнамен біте қайнасып кеткені белгілі. Енді осы арнаның Тараздағы бөліміне жетекшілік етпек. Батыс топырағында туып, Алатау баурайында шыңдалған, Елордадан «Апта» сайын хабар таратқан азулы әріптесіме сәттілік тілеймін. Бүгінге дейін жиған-терген тəжірибесін бүтін бір арнаның дамуына жұмсайды деп сенемін!", - деп жазды «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары Құрманбек Жұмағали өзінің фейсбук парақшасында. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір