• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:49:03
Алматы
+35°

28 Маусым, 2019

«Жасыл экономика». Жаңадан 500 мың жұмыс орны құрылады

«Жасыл экономиканы» дамыту – ешқашан да бұл мәселе қалыс қалған емес

«Жасыл экономиканы» дамыту – қашан да мемлекеттің назарында. Ешқашан да бұл мәселе қалыс қалған емес. Осыған орай Қазақстан мемлекеті «жасыл экономика» саласын өркендетуді қолға алып келеді. Мұны Елбасы үнемі жиі айтады. Бұл дұрыс та. Өйткені түбінде жер қойнауындағы мұнай мен көгілдір отынның және басқа да пайдалы қазбалар бітеді. Сонда бәрі, барлық ел «жасыл экономикаға» көшеді. Бұл күннен, желден, судан қуат көздерін өндіру деген сөз. Бұл экономикалық жағынан – үнемді, экологиялық тұрғыдан – таза. Сондықтан әлем бет бұра бастаған «жасыл экономикаға» Қазақстан да бет бұра бастады.

Қазақстан Бразилияда өткен БҰҰ-ның Рио +20 конференциясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ұсынды. Мұны ел-жұрт, ғалам болып талқылады. Қазақстан ұсынған бағдарлама ғаламның көкейкесті мәселесіне айналды. Елбасы Назарбаев Финляндидағы барған сапарында жа бұл мәселені тіліне тиек етті. Республикамызда эасыл экономикаға» көшуге қатысты қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанынан хабардар етті. Финляндияны жасыл экономика жөнінен көшбасшы ел ретінде танитынын айтты.

Шетелдік іссапарларда ғана емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жиында, үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде де бұл мәселені назардан тыс қалдырған емес. Тіпті Президент жанынан құрылған шетелдік инвесторлардың кеңесінде де баламалы энергия көздерін дамыту, өркендету және оған қолдау көрсету жөнінде тапсырма берді.

Жалпы жоба қолға алынса, жұмыс жанданады. Шетелдік инвесторлардың кеңесінде Елбасы Назарбаев 2020 жылға дейін елімізде баламалы қуат көздерімен айналысатын 50 -ден аса компания жұмыс істейтінін мәлім етті. Алла қаласа, алдағы уақытта мұндай кәсіпорындардың саны арта түседі. Жалпы мұндай баламалы көздермен айналысатын компаниялар Қазақстанға не береді?

• Жаңадан жұмыс орындары ашылады.

• Экологиялық жағынан таза өнім алуға немесе арзан қуат көздерін алуға қадам басамыз.

• «Жасыл экономика» қоршаған ортаны ластамайды.

• Өндірістің жаңа саласы өркендейді.

• Жұмыссыздардың саны азаяды.

Расында әлем «жасыл экономикаға» көшіп жатқан тұста біздің де басқа энергия көздерін іздегеніміз дұрыс. Осыған байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға дейін еліміздегі баламалы энергия көздерін 50 пайызға жеткізу туралы міндет етіп қойды.

–Біз орасан зор мұнай, газ бен уран қорына иеміз. Бұл байлық щамамен 32 миллиард тоннаға бағаланып отыр. Бұл –әлемдік қордың 4 пайызы. Сондықтан да біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, инвестицияны осы салаға салдық. Қазір оның игілігін көріп те жатырмыз. Ендігі жерде «жасыл экономиканы» өркендетуге көшуіміз керек, –деді Елбасы өз сөзінде.

Рас, Назарбаевтың «Жасыл көпір» бағдарламасы 2012 жылы БҰҰ-ның дүниежүзілік саммитінде мақұлданып, бекітілді. 2013 жылдан бастап қазақ мемлекеті «жасыл экономикаға» көшу жөнінде тұжырымдама қабылданды. Оның берері көп. Егер айтылған мәселелер нақты орындалатын болса, «жасыл экономика» 2050 жылға қарай Қазақстанның жалпы ішкі өнімін 3 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Өмір сүру сапасы жақсарады. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, жаңадан 500 мың жұмыс орындары құрылады. Бұл өз кезегінде ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, жұмыссыздықты жояды деген үміт бар. Сондықтан Қазақстанда қазіргі уақытта және болашақта баламалы энергия көздерін дамыту басты мақсатқа айналып отыр. Өйткені өркениет шығыны аз, экологиялық жағынан пайдасы көп өндірісті дамытуға ұмтылып отыр. Бұл дұрыс әрі қолдайтын керекті жоба.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір