• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:47:43
+12°

29 Маусым, 2019 Экономика

«Жасыл экономика» тұжырымдамасы: 3 кезең, 7 міндет

Егер аталған бағыт бойынша жасалынатын міндеттер уақытылы әрі тиянақты орындалатын болса, Қазақстан мемлекеті мен халқы бұдан орасан зор пайда көреді.

2012 жылдың маусымында Бразилияда өткен РИО+20 саммитінен кейін халықаралық нарықта жеке мемлекеттердің даму бағдарламасында баламалы энергия көздері  немесе «жасыл экономика» термині қолдана бастады.

Қазақстан Президентінің бастамасынан кейін әлем қозғала бастады десек те, болады. Расында да ауа ластанып, қуат таусыла бастаған шақта басқа балама көздерді іздеген дұрыс екені бесенеден белгілі. Бірақ бұл терминді әркім өзінше түсінеді.

Шындығында да, «жасыл экономика» дегеніміз не?

Біріншіден, бұл – табиғи қорларды тиімді пайдалану

Екіншіден, экологиялық жағынан таза өнімдер шығару.

Үшіншіден, халықтың  әл-ауқатын арттыру

Төртіншіден, бұл –экономиканың тың саласы

Бесіншіден, ресурстарды үнемдеп, тиімді тұтыну

Қазақстанда осы саланы, атап айтқанда, «жасыл экономиканы» дамыту бойынша арнайы тұжырымдама да қабылданды. Бұл бірнеше кезеңді қамтитынын айта кету керек.

«Жасыл экономикаға»  байланысты Қазақстан үкіметі тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін қазіргі уақытта үш кезең бойынша жұмыс істеуге көшті.

Бірінші кезең – 2013 және 2020 жылдарды қамтиды.

Екінші кезең – 2020 және 2030 жылдар аралығында істелінетін жұмыстар.

Үшінші кезең – 2030-2050 жылдар аралығында ұлттық экономиканың революциялық өсіп-өркендеуі

Үш кезең бойынша жүзеге асырылатын міндеттер қомақты. Бұл орайда Қазақстан үкіметі «жасыл экономиканы» дамытудың жеті бағытын атап көрсетті.

Бірінші – су ресурстарын дұрыс пайдалану

Екінші бағыты –халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп, жоғары өнім беретін ауыл шаруашылығы саласын  дамыту

Үшінші бағыты – энергия көзін пайдалануда оны үнемдеу және энергияныы тиімді тұтынуды арттыру

Төртінші бағыты – электр энергетикасын дамыту

Бесінші бағыты – әртүрлі өндірістен қордаланып, жиналып қалған қалдықты жою

Алтыншы бағыты –  улы газ қосындыларынан және әртүрлі қалдықтардан, ластанып бара жатқан ауаны тазарту

Жетінші бағыты – аталған саланы тиімді басқару

Шындығында сөз етілген міндеттердің барлығы тиімді басқарылмаса, онда еңбек зая кетеді. Бірақ мемлекет алдына міндет қойып отырған соң, ол сөзсіз орындалады деп ойлаймыз. Тұжырымдамадағы 3 кезең 7 міндеттің түйіні осы. Егер аталған бағыт бойынша жасалынатын міндеттер уақытылы әрі тиянақты орындалатын болса, Қазақстан мемлекеті мен халқы бұдан орасан зор пайда көреді. «Жасыл экономика» бағдарламасы елдің жалпы ішкі өнімін арттырып, халықтың табысын көбейтеді. Сонымен қатар, экологиялық тұрғыдан ауа тазарады. Қуат көздеріне шығын азаяды. Қысқасы, «жасыл экономика» әл-ауқатымызды көтереді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір