• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:54:38
Алматы
+35°

13 Шілде, 2019 Оқиғалар

ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза тапты

Оқиға Орлов шахтасы аумағында орын алған.

ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша корпоративтік байланыстар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

KAZ Minerals мәліметтері бойынша, қайғылы оқиға 13 шілдеде сағат 03.00 шамасында "Востокцветмет" ЖШС Орлов шахтасының аумағында болған.

"Тау-кен массасының опырылуы салдарынан Орлов шахтасының бекітушісі қатты жарақат алып, қайтыс болды. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, оның өміріне еш қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір