13 Шілде, 2019 NEWS
"Эта любовь": Ержан Максим мен Микелла Абрамованың жаңа бейнебаяны шықты (видео)
2019 жылдың мамырында Қырымда Микелла мен Ержан "Балалар жаңа толқынында" осы композицияны орындаған болатын
"Голос.Дети" - 2019 байқауының қос жеңімпазы қазақстандық Ержан Максим мен Ресейдің танымал әншісі Алсудың қызы Микелла Абрамованың бейнебаяны жарыққа шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қос жас өнерпаздың бірге айтқан "Эта любовь" атты әндеріне түсірілген бейнебаяны үлен сапарға аяқ басты.
Бұл жаңалықты Микелла Абрамова Instagram желісіндегі парақшасында және YouTube-тағы арнасында жазып, жариялады.
"Міне, Ержан Максиммен бірге түсірілген бейнебаянның көптен күткен премьерасы. Бұл ең мөлдір сезім - махаббат туралы жақсы әңгіме. Оны әрдайым жүрегіңізде сақтау керектігін ұмытпаңыз!
Осы ән мен бейнебаянның дүниеге келуіне септігін тигізген жандарға алғыс айтқым келеді. Жұмыс керемет болды, ал нәтиже барлық үмітті ақтады және әрбіріңізге қолдау көрсетіп, лайк басып, пікір қалдырғандарыңыз үшін рахмет! Сіздерден кері байланыс күтеміз, міндетті түрде өз пікіріңізді қалдырыңыз және бейнебаянмен достарыңызбен бөлісіңіз", - деп жазды Микелла.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір