• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:32:39
Алматы
+12°

Полицейлер мінген қызметтік көлік пен көші-қон заңнамаасын бұзған шетелдік азаматтар Алматы - Екатерингбург тасжолында жол апатына ұшырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тасжолдың 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылғаны туралы хабар Жамбыл облыстық полиция департаменті кезекші бөліміне 13 шілдеде 17:35-те түскен.  "Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан.

Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған", - делінген хабарламада.  Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір